
Шығыс Қазақстан облысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының Діни ахуалды талдау және мониторинг департаменті мамандары дін қызметкерлерімен кеңес өткізді.
Облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өткен кеңеске департаменттің бас сарапшысы Дулат Жақиянов, ШҚО Бас имамы Думан Нәдірұлы, Дін істері басқармасының өкілдері, қала-аудан имамдары мен дін саласының мамандары қатысты.
Жиында өңірдегі діни ахуал сараланып, радикалды идеологиялардың алдын алу, ақпараттық-ағартушылық жұмыстар және зайырлылық ұстанымдарын түсіндіру мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысында бірлескен оқыту курстары мен семинарлар ұйымдастыру жоспарланып, дін қызметкерлеріне әдістемелік ұсынымдар ұсынылды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру