Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Шымкентте «Бесіктің қадір-қасиеті» семинары өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 05.10.2022 2704 0 пікір
Шымкентте «Бесіктің қадір-қасиеті» семинары өтті

Шымкент қаласындағы «Қождан ата» мешітінде дін мен дәстүр бағытына сәйкес «Бесіктің қадір-қасиеті» тақырыбында рухани семинар өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, бас имамның орынбасары Мұхамеджан Естеміров, «Бибісара ана» мешітінің имамы Самат Анарбаев, «А.Қаттани» мешітінің имамы Ахметжан Керімбек, «Әжелер» мектебінің мүшелері қатысып, дін мен дәстүрге қатысты ой-пікірін ортаға салды. Сондай-ақ шәкірттер дін мен дәстүр сабақтастығы жайлы презентация қойып, шариғаттағы салт-дәстүрдің орнын түсіндіріп берді. Екінші кезекте қазақтың ұмытылып бара жатқан «жаппа», «қарын бүрме»,  «қымыз қуырдақ» т.б ұлттық тамақтарды әзірлеп, келген қонақтарға ұсынды. Астардың әзірленуі мен пайдаларын түсіндірді.

Үшінші кезекте шараға қатысушы әжелеріміз қазақтың баланы бесікке салу дәстүрін көрсетті. Бесіктің бала денсаулығына пайдалары айтылды. Сондай-ақ, «Қождан ата» мешітінің жанынан құрылған «Зерделі қыз» бойжеткендер мектебі таныстырылды. Өте әсерлі һәм қызықты өткен басқосуда қатысушылар сұрақтарына жан-жақты жауап берілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру