Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Ақтөбе: Шәкірттерге тәж кигізді

Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 23.05.2022 2479 0 пікір
Ақтөбе: Шәкірттерге тәж кигізді

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ұстаз Ардақ Бағдалқызының 50 шәкірті Құранға түсті. ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі  Динара Құтқожақызы бастаған теолог мамандар шәкірттерге тәж кигізіп, қасиетті Құран Кәрім табыстады.

Алдымен Ибраһим Серікжанұлының «Дұһа» сүресін оқып, одан кейін ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтылды. Сонымен қатар шәкірттер арасында Құранның артықшылығы туралы монолог оқылып, «Пайғамбарға сағыныш» тақырыбында көрініс қойылды. Аида Қызметова «Құбыла» өлеңін оқып, көрерменді тәнті етсе, Айша Серікжанқызы «Буруж» сүресін оқып іс-шараны қорытындыланды.

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұылының атынан шәкірттерді Құранға түсуімен құттықтап, Құран үйрену мен жаттаудың екі дүниедегі артықшылығына тоқталды. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының Діндерді зерттеу орталығының теолог маманы Талшын Зарқымқызы, Батыс Қазақстан облысы «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теологы Назгүл Медерқызы да шәкірттерге тәж кигізу рәсіміне қатысты. Одан бөлек ұстаздар Айнұр Мырзабаева, Гүлмайра Тұрлыбекова, Айдана Разақ, Зейнеп Мұсақызы және ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Ақтөбе өңіріндегі жетекшісі Кенжегүл Кушкарова Құранның маңыздылығы туралы уағыз-насихат айтты.

Шәкірттер кештің атауы жазылған «Ақыреттік нұрлы тәжім» атты арнайы тәтті нанды қонақтарға ұсынды. Іс-шара соңында қажы әжелер  ұйымдастырушыларға ақ бата берді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру