Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

ШҚО: TEDx форматында өткен кездесу

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 14.04.2022 2386 0 пікір
ШҚО: TEDx форматында өткен кездесу

Бүгін  ҚМДБ Өскемен аймағының өкілдігі және ШҚО дін істері басқармасыгың ұйымдастыруымен Қазақ-Американдық еркін университетінде «Конфессияаралық келісім мен діни төзімділік – Қазақстан халқының рухани бірлігінің негізі» атты TEDx форматындағы аймақтық конференция өтті.

Шараға ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Мұқатай  қатысып, дін саласының мамандарымен және студент жастармен кездесіп еркін форматта пікір алмасып қайтты.

Бас имам: «Батыс елдеріне қарап кілт бұрылғанша, Қазақтың төл өз зайырлылық үлгісіне қайырылсақ, сол әлдеқайда мәселемізді оң шешіп, көсегемізді көгертер еді. Қазақ халқының дәстүрлі қоғамдық құрылысының ерекшеліктерін екшеп, хикметке негізделген құндылықтардан өнеге ала алсақ, көптеген өзекті мәселелердің дер шағында шешімі табылған болар еді» дей келе,  классикалық ислам мен социологиялық құқық жүйесінің де тағылымды тұстары  Шыңғысханның «Ұлы Ясасы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Әз-Тәукенің «Жеті жарғысы» екендігіне тоқталды.

Ермек Қасболатұлы қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, салиқалы әңгіме өрбітті.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру