Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Өскеменде бата жарысы өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 14.02.2022 2484 0 пікір
Өскеменде бата жарысы өтті

«Ислам – ынтымақ және бірлік діні» жылы аясында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық «Защита» мешіті «Бата – сөздің берекесі» атты бата сайысын өткізді.

Ізгі сөздің бәсекесіне Өскемен өңіріне белгілі аузы дуалы батагөйлер қатысты. Сайысқа белгілі ақындармен танымал батагөй қариялар қазылық жасаса, қариялар ақ тілектердің тиегін ағытты.

«Халқымызда «Батамен ел көгереді» деген қасиетті сөз бар. Қазақ халқы батаға айрықша мән берген. «Ислам-ынтымақ және бірлік діні» жылы аясында ұлтымыздың баба беру дәстүрін жаңғыртудамыз. Бүгінгі шара да соның бір айғағы» дейді «Защита» мешітінің бас имамы Біржан Қабылахметұлы.

Ұтқыр сөз, ізгі тілекті арқау етуіп, төкпелете бата берген жеңімпаз батагөйлерге қалалық мешіт атынан шапан жабылып, сыйлық тапсырылды.

Сайыс соңынан бата жарысының жеңімпазы көрермендерге бата беріп, елімізге тыныштық, халқымызға жақсылық тіледі.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру