Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Семей: Абай ауданында жаңа мешіт ашылды

Абай Құнанбайұлы атындағы Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі alashdin.kz 17.12.2021 3085 0 пікір
Семей: Абай ауданында жаңа мешіт ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Семей өңірі Абай ауданына қарасты Қасқабұлақ ауылында жаңа мешіт ашылды.

Имандылық пен ізгіліктің үндеушісі жаңа ғибадат ордасы ел игілігіне пайдалануға берілді. Ералы баба есімімен аталатын ауыл мешіті 150 адамға арналған.

Мешіт ашылуына ҚМДБ Семей аймағы бойынша бас имамы Асқар Әбітайұлы, Абай Құнанбай орталық мешітінің наиб имамы Рашид Тұрсүнқанов, Абай ауданының бас имамы Болат Самырбай  және басқа да ел алдында жүрген азаматтар қатысып, ауыл халқын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, мешіттің игілікті істердің бастамашысы болып, иманды да ибалы жастарды тәрбиелеп шығаруға ұйытқы болатынын айта келе, мешіт құрылысының бой көтеруіне қатысқан белсенді азаматтарға марапат хат, сый-сияпаттар табыстады.

Мешіттің лентасы қиылып, салтанатты шараға қатысқан барлық ресми өкілдер кезегімен сөз алып, халықты береке-бірлікке шақырса, ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, ақжаулықты аналар шашу шашып, ізгі ниеттерін білдірді. Бас имам Асқар Әбітайұлы ҚМДБ атынан қасиетті Құран кітабын сыйға тартты. Ауыл халқының ақ дастарханы жайылып, жылы лебіздер айтылып, ақ баталар берілді.

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру