Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

18 April 2024

9 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Алматы: Мешіт алдына аялдама орнатылды

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 27.10.2021 2249 0 пікір
Алматы: Мешіт алдына аялдама орнатылды

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Алматы қаласы Қарасу шағын ауданындағы «Мырзахмет» мешітінің алдына аялдама орнатылды.

Алатау ауданы «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен өткен игі шараға наиб мүфти Кенжеәлі  Мырзабаев, Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы мен мешіт қызметкерлері қатысты. Жергілікті тұрғындардың өтініші мен тілектерін ескеріп, өзекті болған аялдама құрылысын

Алатау ауданы әкімдігі мен демеуші мешіт жамағаты салып берді. Тұрғындар мен мешітке келуші жамағат халық игілігіне берілген сауапты іске алғысын білдірді.

«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ұйытқы болуымен, аймақтағы имамдардың ыждаһатты жұмысы, демеуші азаматтардың көмегімен 2020 жылы Республика бойынша ҚМДБ-ның 30 жылдығына арналған «30 игі шара» жобасы аясында өңірлерде 73 құдық, 43 көпір салынып тұрғындардың игілігі үшін пайдалануға берілді. Ал биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аялдама салу қолға алынған болатын. Алматы қаласы өкілдігі қолға алған бүгінгі ігі іс – соның көрінісі. Алдағы уақытта да сауапты амалдар жалғасын табады деп сенеміз» деді Кенжеәлі Мырзабаев.

Мұндай іс-шараларды қолдаудағы басты мақсат – кәсіпкерлер мен қалталы азаматтарды мешіт-медресе салудан басқа да осындай сауабы мол игілікті істерге жұмылдыру. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру