Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«Рахымқызы Раиса Ана» мешітінде Мәуліт кеші өтті

Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі muslim.kz 21.10.2021 2381 0 пікір
«Рахымқызы Раиса Ана» мешітінде Мәуліт кеші өтті

ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігіне қарасты «Рахымқызы Раиса Ана» мешітінде «Мәуліт мерекесі құтты болсын, жамағат» атты рухани кеш өтті.

Бата берумен басталған игі шарада қасиетті Құран аяттары мен Бәрзәнжи Мәуліті оқылды. Ардақты елші, көзіміздің нұры, басымыздың тәжі болған Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірі мен ғибратқа толы оқиғалары насихатталды. Сондай-ақ, Мұхаммед пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен 30 сұрақ қойылып, дұрыс тапқандарға арнайы әзірленген 30 сыйлық берілді.

Шара соңынан мешіттің бас имамы Қалижан Заңқоев «Дін мен Дәстүр» аясында есімі мен туылған күні екі дүние сардарымен сәйкес келетін «Мұхаммеджан» есімді сәбидің тұсауын кесті.

Рухани кештің соңына қарай жамағаттың көкейінде жүрген діни сұрақтарға кезек берілді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру