Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Шымкент: Дін мен дәстүрді ұлықтаған семинар

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 05.10.2021 2212 0 пікір
Шымкент: Дін мен дәстүрді ұлықтаған семинар

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен Шымкент қалалық орталық мешітінде «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» танымдық рухани семинары өтті.

Семинар Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының құттықтау сөзімен ашылды. ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Шымкент қаласындағы жетекшісі Балжан Досжанова «Әдет-ғұрыптың діндегі орны» тақырыбы бойынша баяндама оқып, өз тәжірибесін бөлісті.

Сондай-ақ қалалық «Әжелер» мектебінің мүшелері Кенжеайым Асанқызы, Әлия Нұрқаламқызы, Гүлзина Шеріметова, Аяжан Әбдісамат т.б. апаларымыз қатысып, ой-пікірін ортаға салды.

Семинар барысында ұлттық қолөнер, жеті ата, перзент тәрбиесі т.б. өзекті тақырыптар көтерілді. Жиын барысында Балжан Досжанова Әйел-қыздар секторының алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспарын таныстырды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру