Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Түркістан: Тағылымы мол танымдық семинарлар

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 28.09.2021 1706 0 пікір
Түркістан: Тағылымы мол танымдық семинарлар

Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов Сайрам ауданының әкімімен Ұласбек Сәдібековпен жүздесіп, діни ахуалды талқылады.

Кездесуде Еркебұлан Қарақұлов әкімге Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жарық көрген «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын тарту етті. Сондай-ақ бас имам Ақсукентте «Имамдар аллеясы», Қарасу ауылында діни сауат ашу курстарына арналған оқу ғимаратының ашылуына қатысты.

Түркістан облысының бас имамының қатысуымен «Ақбұлақ» мешітінде «Дін мен дәстүр тағылымы», «Ихсан ілімі – бірлік пен береке кепілі», «Ақида ілімі: Ислам, Иман, Ихсан тағылымы», «Діни оңалту: Жат ағымдардың алдын алу мәселелері», «Діни іс қағаздарын жүргізудің тәртібі мен ережелері» атты 5 танымдық семинар өтті.

Семинарларға Сайрам, Төлеби, Түлкібас ауданының имамдары мен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшылары, Ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты. Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов семинар соңында дәріске қатысқан имамдарға сертификат табыстады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру