Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

БҚО: Мешітте Құран оқу байқауы өтті

БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі islam-oral.kz 28.09.2021 5874 0 пікір
БҚО: Мешітте Құран оқу байқауы өтті

Мұхаммед-Ғариф Түлбаев атындағы Орал қалалық мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында қасиетті Құран Кәрімнің 30-ыншы парасын жатқа және мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Алдымен аталмыш мешіттің бас имамы Қажымұқан Елтайұлы сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға Орал орталық мешітінің наиб имам Наурыз Убаев, Түлбаев Мұхаммед-Ғариф мешітінің наиб имамдары Серік Мұстафин, Бағдат Шақаев, Асан ауылдық ауылдық мешітінің бас имамы Мұратбек Жахатов пен Әлішер ұстаз қазылық етті.

Байқау нәтижесі бойынша бірінші орынды Әділет Әліпқалиұлы (40 мың теңге), екінші орынды – Арман Нұретов (30 мың теңге), ал үшінші орынды Қуан Аян (20 мың теңге) жеңіп алды.

Жарысқа қатысқан азаматтарға ынталандыру сыйлығы берілді. Атап айтқанда, Алмат Әміров пен сайыстың ең жас қатысушысы Кенжеғали Ихсан хиджама жасайтын құрылғымен марапатталды. Қалған қатысушыларға Құран кітабы табысталды. 

Шараны ұйымдастырған Бағдат Шақаев пен демеуші жандарға Алла Тағала разы болсын! 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру