Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

13 July 2025

18 Muharram 1447 Хижра

  DINI MEREKELER

Діни білім және кадр дайындау бөлімі

Діни білім және кадр дайындау бөлімі

Хасан Ташайұлы Аманқұлов

Туған күні, айы, жылы: 31.01.1974.

Туған жері: Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы, Орташыршық ауданы, Ортасарай елді-мекені.

Оқыған мектебі: 1981-1991 жылдары О.Кошевой атындағы №37 орыс мектебі.

 

Білімі:

1991-1992 жж. Жамбыл облысындағы «Меркі» медресесі;

1992-1996 жж. Андижан қаласындағы «Сайид Мухиддин Махдум» медресесі;

1999-2003 жж. Ташкент Ислам университеті «Ислам құқығы және шариғат ілімдері» факультетінің «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бакалавры;

2005-2007 жж. Алматы қаласындағы «әл-Фараби» атындағы Қазақ Ұлттық университеті  «Философия және саясаттану» факультетінің «Дінтану» мамандығы магистратурасы.

 

Еңбек жолы:

1996-1999 жж. Ташкент облысы, Орташыршық ауданы, Ортасарай елді-мекендегі «Бабахан ата» жамиғ мешітінің бас имамы;

2003-2005 жж. Алматы облысы Талғар ауданының бас имамы;

2005-2006 жж. ҚМДБ-ның «Діни уағыз және оқу-ағарту» бөлімінің маманы;

2006-2010 жж. Астана қаласы «С.Ғылмани» мешітінің наиб имамы,

2010-2012 жж. Астана қаласы «Шұбар» мешітінің бас имамы;

2012-2014 жж. Астана қаласы «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы;

 2014-2018 жж. Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы, «Умар әл-Фаруқ» мешітінің бас  имамы;

2007-2014 жж. «Астана» медресесінің ұстазы, директордың орынбасары;

2014-2018 жж. Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің ұстазы, директордың орынбасары;

2018 жылдың қаңтар айынан бастап 2021 жылдың қазан айына дейін ҚМДБ-ның «Шариғат және пәтуа» бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2021-2024 жылдары ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.

2024 жылдың наурыз айынан бастап ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

 

Отбасылық жағдайы: үйленген, 5 баласы бар.