
Ершат Ағыбайұлы ОҢҒАР
1975 жылы 22 наурызда Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданы, Ералиев ауылында дүниеге келген.
1992 жылы Жайрем кентіндегі №10 орта мектепті бітірген.
1994 жылы 13 желтоқсанда ҚР Білім және ғылым министрлігінің жолдамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында (ҚМДБ) өткен байқау арқылы Египет Араб Республикасы (ЕАР), Каир қаласындағы әл-Азхар университетіне оқуға түсіп, 2000 жылы аталмыш университет жанындағы Ислам ғылыми зерттеулер институтын тәмәмдап, 2004 жылы әл-Әзхар университетін «уағыз-насихат» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесіне қол жеткізген.
2006 жылы ЕАР Жоғарғы білім министірлігі Ислам ғылыми зерттеулер жоғарғы институтында исламтану мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие болған. 2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарихында бірінші болып философия, мәдени антропология мамандықтары бойынша PhD доктор дәрежесін қорғады.
Қазақ, орыс, араб және түрік тілдерін біледі.
2007-2009 жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында маман, бөлім бастығы, 2009-2011 Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-де аға оқытушы болып жұмыс iстедi. 2011-2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі (ДІА) Алматы Дін істері департаментінің директоры (м.а.), Дін мәселелері бойынша ғылыми зерттеу және сараптама орталығында Исламды зерттеу бөлімінің бастығы, ҚР ДІА Діни оқу орындармен байланыстар және дінтану сараптамасы басқармасының Бас сарапшысы болып қызмет атқарған.
2013-2019 жылдары ҚМДБ Уағыз-насихат, халықаралық байланыс және хаттама бөлімдерінің меңгерушісі, 2019 жылдың 21 қазанынан бастап ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти болып қызмет атқаруда. ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің және Қазақстан Республикасының Халықаралық Ислам фиқһы (заңы) акдемиясындағы [International Islamic Fiqh Academy] тұрақты мүшесі.
Үйленген, отбасылы
Мұсылман әлеміне танымал ұстаздары:
- Махмуд Хамди Зақзуқ – ЕАР Уақф министірі
- Мұхаммад Саид әт-Тантауи – ЕАР Әл-Азхар университетінің шейхы
- Ахмад Омар Хашим – ЕАР Әл-Азхар университетінің ректоры
- Махмуд Субхи Фарғаль – Қари шейх, ЕАР
- Абдурахман әл-Адауи – Әл-Азхар университетінің профессоры, ЕАР Парламент мәжілісінің депутаты
- Алтынташ Хайрани – Түркия, Ислам философтары ассосациясының мүшесі, Анкара университетінің профессоры
Марапаттары:
- Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасы. 2021 ж.
- Медаль. «Шапағат», 2018 ж.
- Медаль. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі, 2016 ж.
- Алғыс хат. ҚР Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы М.Әшімбаев. – Астана, 2022 ж.
- Алғыс хат. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары А.Балаева. – Астана, 2022 ж.
- Алғыс хат. ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин. – Астана, 2012 ж.
- Алғыс хат. Қазақстан халқы Ассамлеясы Төрағасының орынбасары Е.Тоғжанов. – Астана, 2017 ж.
- Алғыс хат. ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қ. Лама Шариф. – Астана, 2012 ж.
- Алғыс хат. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Н.Өтпенов. – Нұр-Сұлтан, 2021 ж.
- Алғыс хат. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти С.Ораз. – Астана, 2018 ж.
- Алғыс хат. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Е.Маямеров. – Алматы, 2014 ж.
- Алғыс хат. Халықаралық Ислам фиқһы (заңы) акдемиясы мен Кувейт Мемлекеті Ауқаф және ислам істері министрлігі. – Кувейт, 2014 ж.
Еңбектері
- «Мұхтасар тәжуид» (Құран оқу ережелері, қазақ тілінде), Алматы – 2006
- «Мухтасар тажуид» (Құран оқу ережелері, орыс тілінде), Алматы – 2008
- «Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары» (монография). ҚР БҒМ, Алматы баспа үйлері, 2014
- Құран – мағынасы мен түсініктемелері. «Алаш» тарихи-зерттеулер орталығы, Алматы – 2015 (аударма авторы)
- «Дін – насихат» Ақпараттық-насихат тобына арналған әдістемелік құралы. ҚМДБ, Астана – 2015 (құрастырушы)
- Жұма уағызы-ІІ. ҚМДБ, Астана – 2015 (құрастырушы)
- Пәтуалар жинағы. ҚМДБ, Астана – 2016 (редактор)
- Сборник фетв. ҚМДБ, Астана – 2015 (редактор)
- Жұма уағызы-ІІІ, ҚМДБ, Астана – 2017 (құрастырушы)
- Жаназа және жерлеу рәсімдері. ҚМДБ, Астана – 2017 (баспаға дайындаушы)
- Қасиетті Құран және қазақ тіліндегі аудармасы. Алматы – 2018 (сарапшы редактор)
- Дін мен дәстүр-ІІ (Тал бесіктен жер бесікке дейін). ҚМДБ, Астана – 2017 (баспаға дайындаушы)
- Қасиетті Құран: мағынасы мен түсініктемелері. Алматы – 2019 (аударма авторы)
- Пәтуалар жинағы: екінші кітап. – Муфтият баспасы, – 2019 (Жауапты редактор)
- Дін, мәдениет, руханиат салаларына арналған 70-ке жуық ғылыми-танымдық мақалалардың авторы