Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти

Ермек Қасболатұлы Мұқатай  

1978 жылы Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кенті дүниеге келген.

 

Білімі:

1995 – 1997 жж. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы Ислам институты; 

2011-2014 жж. Қонаев атындағы Заң колледжі; Мамандығы - Құқықтанушы

2015-2018 жж. – Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті, мамандығы – Құқықтану

2020-2022 жж. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, мамандығы – Дінтану және философия

 

Еңбек жолы:

2000-2002 жж. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы Құран курсының ұстазы;

2002-2004 жж. Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Кербұлақ ауданының бас имамы;

2004 жылдан бастап ғылыми және жеке жұмыспен айналысқан;

2011-2012 жж. Алматы қаласындағы "Бақыткелді'' мешітінің наиб имамы;

2012-2013 жж. Алматы қаласындағы "Бақыткелді'' мешітінің бас имамы;

2013-2014 жж. Алматы қаласы, Жетiсу ауданының Бас имамы;

2014-2015 жж. Астана қаласындағы «Әлжан ана» мешітінің бас имамы;

2015-2025 жылдары аралығында Шығыс Қазақстан облысының және «Халифа Алтай» орталық мешітінің бас имамы қызметін атқарды.

2025 жылдың 10 ақпанында ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти болып тағайындалды.

 

Еңбектері:

2015-2021 жж. Дәстүрлі ақсақалдар форумының авторы әрі үйлестірушісі;

2016 ж. бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша Департаменті жанынан ақпараттық-түсіндіру тобынының құрылуын және құрамына дін саласы қызметкерлерінің кіруінің негізін қалаушы;

2016-2018 жж. Имамдардың білімін жетілдіру курсының мемлекеттік стандартқа сай бағдарлама авторы;

2015 жылдан бастап ТМД және алыс-жақын шет мемлекеттер мұсылмандары діни басқармаларымен өзара іс-қимыл, көмек және бауырластық байланыс орнатудың оң тәжірибесін негізін қалаушы;

2017-2021 жж. ТКББ бағдарламасы негізінде Семей және Өскемен қалалары колледждерінде Исламтану мамандығын ашу және ұстаздармен қамтамасыз ету;

2020 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ теологиялық бағыттағы Дінтану және философия мамандығын ашудағы бастамашысы;

2017-2019 жж. кең ауқымды ұлттық құндылықтарға негізделген Республикалық «Дала семинары» жобасының авторы;

2018 жылдан Ислам мәдениеті музейі жобасының авторы және жетекшісі;

2019 жылдан бастап ШҚО Ислам дінінің тарихын зерттеу тобының жетекшісі әрі үйлестірушісі;

2020 жылдан бастап Ихсан ғылым зерттеу орталығының негізін қалаушы және ғылыми топ жетекшісі;

2021 жылдан бастап саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша коммиссия мүшесі.

 

Марапаттары:

«Астана қаласына – 20 жыл» медалі;

ҚР Президентінің жарлығы негізінде «Шапағат» және «Халық алғысы» медалі; 2020 жыл

Ресейдің Азия бөлігі мұсылмандары діни басқармасының дін саласындағы ерекше үлесі үшін «Ихсан» медалі;

Астана, Алматы қалалары мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдерінің, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының алғыс хаттары мен құрмет грамоталары.