Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас Мүфти кеңесшісі

Бас Мүфти кеңесшісі

Бижігіт Нұржігітұлы Қойшиев

1982 жылы Тараз қаласында туылған.

Білімі:

Алматы технология университеті (экономика факультеті, 2002 ж.).

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті (дінтану факультеті, қызыл диплом, 2017 ж.).       

Еңбек жолы:

2002-2004 – Алматы облысы Қапшағай қаласының №2 орта мектебі, оқытушы.

2004-2005 – Қазақстан Республикасының ҚК қатарында әскери борышын өтеді.

2005-2011 – Алматы облысында дінтану саласы бойынша мемлекеттік мекемелерде маман ретінде жұмыс жасады.

2011-2019 – Астана қаласында дінтану, діни оңалту саласы бойынша мекемелерде сарапшы ретінде жұмыс жасады.

2019 – ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфтидің кеңесшісі (дінаралық және мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар, діни оңалту жұмыстары бойынша).

Еңбектері:

«Деструктивті діни ағымдар жақтастарымен профилактикалық, оңалту және дерадикализациялық жұмыстың субъектілеріне арналған «Бірыңғай глоссарий», Астана – 2019 жыл (авторлық сарапшы топ құрамында).

«ҚМДБ қызметкерлерінің түсіндірмелік-профилактикалық және оңалту жұмысын тиімді және жүйелі ұйымдастырып жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар», Астана – 2020 жыл.

Марапаттары мен жетістіктері:

«ҚМДБ 30 жыл» мерекелік медалі, 2020 ж.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Хазрет Наурызбай қажы Тағанұлының «Алғыс хаты», 2021 ж. 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің «Құрмет грамотасы», 2022 ж.

«Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев Орталығы» Төрағасының «Алғыс хаты», 2022 жыл.

Дінаралық диалог пен ынтымақтастықты дамыту саласы бойынша халықаралық тренингтер мен ретриттерге қатысқанын куәландыратын АҚШ «LYNC», «CECF», ҚР «АРОК» ұйымдарының бірқатар сертификаттарының иегері, 2022-2023 жылдар аралығы.