Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас Мүфти кеңесшісі

Бас Мүфти кеңесшісі

Кенжетай Байкемелұлы Дүйсенбай

1974 жылы 24 шілдеде Қостанай облысында дүниеге келген.

 

Білімі:

1993-1995 жылдары Алматы қаласындығы Ислам институты.

1998-2004 жылдары Мысырдағы Әл-Азһар университетінде араб тілі факультетінде оқыған.

2004-2009 жылдары Мысырда Әл-Азһар университетінің «Ислам шариғаты және заң» (Ханафи мәзһабы бойынша) факультетін тәмамдады.

 

Еңбек жолы:

1995-1998 жылдар аралығында Арқалақ қалалық мешітінде наиб имам;

2010-2011 жылдары Петропавл қаласы «Қызылжар» облыстық орталық мешітінде наиб имам;

11.2011-08.2012 ж. ҚР Дін істері жөніндегі Агенттіктің «Мәдениет пен дін халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің талдау жұмысы бөлімінің ғылыми қызметкері;

08.2012-01.2013 ҚР Дін істері жөніндегі Агенттіктің «Мәдениет пен дін халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің талдау жұмысы бөлімінің аға ғылыми қызметкері;

02.2013 ҚР Дін істері жөніндегі Агенттіктің «Мәдениет пен дін халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің талдау жұмысы бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері;

2013-2021 жылдары ҚМДБ-ның СҚО бойынша және «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы қызметін атқарды.

2021 жылдың қазан айынан бастап ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфтидің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Отбасылы, екі баласы бар.