Айбек Асқарбекұлы Аташев
1984 жылы 27 мамырда Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген.
Білімі мен біліктілігі:
1990 – 2001 ж.ж. Ә.Жангелдин атындағы орта мектепте білім алды.
2001 – 2002 ж.ж. Шет тілдерін оқыту орталығында араб-түрік тілдерімен бірге, «исламтану» мамандығы бойынша білім алды.
2002 – 2006 ж.ж. Отырар университетінде «тарихшы» мамандығы бойынша оқып, тарихшы бакалавр дәрежесін алды.
2006 – 2008 ж.ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «дінтану» мамандығын оқып, дінтану магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолы:
2007 – 2010 ж.ж. Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігінде аудармашы-ассистент.
2010 – 2012 ж.ж. Қазақ Гуманитарлық Заң университеті, шет тілдері және аударма ісі кафедрасында оқытушы.
2012 – 2013 ж.ж. ҚМДБ «Зекет» КҚ Астана қаласы бойынша атқарушы директор.
2013 – 2016 ж.ж. Атырау облысы әкімдігіне қарасты «Шапағат» орталығында диретор орынбасары, теолог.
2014 – 2017 ж.ж. Қазақстан РТРК, «Қазақстан-Атырау» арнасының «Иман нұры» діни-танымдық телебағдарламасының редактор – жүргізушісі, «Назар» ток-шоуының жүргізушісі.
2016 – 2017 ж.ж. Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық-талдау» орталығында басшы.
2017 – 2018 ж.ж. Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы басшысының орынбасары.
2018 - жылдың 01 қыркүйегінен бастап Бас мүфтидің көмекшісі қызметін атқаруда.
Отбасылы, 2 қыз, 2 ұлы бар.