Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Құрбан айтқа дайындық жұмыстары пысықталды

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 05.07.2022 3056 0 пікір
БҚО: Құрбан айтқа дайындық жұмыстары пысықталды

ҚМДБ БҚО өкілдігінің бас имамы Бақытжан Құралбайұлының жетекшілігімен Бәйтерек аудандық мешітінде өңір имамдарының құрбан айтқа дайындық жұмыстары пысықталды.

Құрбан айттың артықшылығы, зұлхижжа айындағы сауаптар мен ерекшеліктері айтылып, ҚМДБ Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының халыққа үндеуі жеткізілді. Сонымен қатар Діни басқарма тарапынан берілген тапсырма бойынша атқарылатын іс-шаралар легі тілге тиек болды.

Бас имам биыл құрбан шалу онлайн және офлайн форматта жүргізілетінін, осы орайда QURBAN2022.KZ сайты іске қосылғанын та,ы бір еске салды. Ал Орал қаласында айт намазы 9 шілде таңертең 6:30-да оқылатыны белгілі болды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру