Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ӘЛ-МУСЛИМ» МЕШІТІ АШЫЛДЫ

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 12.11.2021 3181 0 пікір
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ӘЛ-МУСЛИМ» МЕШІТІ АШЫЛДЫ

Бүгін, қасиетті жұма күні ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Шымкент қаласында «Әл-Муслим» мешіті қайта жаңартылып, пайдалануға берілді.

Игі іс-шараға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Мырзабаев, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы және дін қызметкерлері қатысты.

Салтанатты рәсім Құран аяттарын оқумен басталса, наиб мүфти қайта жаңартылған мешіт қызметкерлері мен барша жамағатты құттықтап, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді.  

750 адам еркін құлшылық атқаратын мешіт құрылысының қайта жаңғыруына қаланың Мүтәлі Анарбекұлы бастаған жомарт азаматтары үлес қосты. Құлшылық ордасы дәрісхана, дәретхана және көліктұрағымен қамтылған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру