Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Теміртауда 70 жанұяға көмек көрсетілді

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 12.05.2021 656 0 пікір
Теміртауда 70 жанұяға көмек көрсетілді

Қарағанды облысы, Теміртау қаласының «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне кезекті қайрымдылық шарасы өтті.

Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының бастамасымен жүзеге асқан «Берекелі Рамазан » атты іс-шара барысында әлеуметтік аз қамтылған 70 жанұяға азық-түлік өнімдері салынған себеттер табыс етілді. «Sauap» орталығының еріктілерінің көмегімен, бұл себеттер көмекке мұқтаж жандардың үйлеріне дейін жеткізілді.

«Қайырымдылық жасау – әр мұсылманның міндеті. Әсіресе, Рамазан сияқты мүбәрак айда жасалынған ізгі істің орны бөлек. Осы ретте, мешітіміздің жанынан құрылып, көптеген игі істерге ұйытқы болып, іс-шараларды ұйымдастыру барысында әрқашан қол ұшын созып жүрген «Sauap» орталығының еріктілеріне алғыс білдіреміз. Ниетіміз қабыл болып, бүгінгі жасаған сауапты ісімізге Алла разы болсын», деді Естай Айтуғанұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі