Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: 250-баспана көпбалалы анаға берілді

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 11.08.2020 2324 0 пікір
Түркістан: 250-баспана көпбалалы анаға берілді

ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясының аясында 250-баспана Қазығұрт ауданының тұрғыны Несіпгүл Баймұрзаның отбасына берілді.

6 бөлмелі үй жамағат пен демеушілердің көмегімен салынды. Көпбалалы анаға үйдің кілтін облыс имамы Мұсабек Ақтамберді табыстады.

Аудан орталығында су жаңа үйлер 4-5 миллион теңге тұрады. Бұл баспананың кірпішін жергілікті имамдар да өз қолдарымен қаласқан. Несіпкүл Баймұрза игі іске бастамашы болған ҚМДБ «Зекет» қорына, жанашыр жамағатқа ризашылығын білдірді. Бұл – «Ел үлесі – пәтерге» жобасымен жыл басынан бері Түркістан облысы бойынша берілген 15-баспана.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі