Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ (ФОТО)

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 07.08.2020 3264 0 пікір
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданындағы Тельман шағын ауданы, Онтаев көшесінде Қошқар ата өзені бойынан Шымкент орталық мешіті мен қалалық «Зекет» қорының ұйытқы болуымен жаңа көпір ел игіліге берілді.

Игілікті шарада Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов сөз алып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы құттықтау сәлемін жеткізіп, жергілікті тұрғындарды құттықтады.

Айтулы шараға Абай аудандық мешітінің бас имамы Исмайл Панов, Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов және қалалық «Зекет» қорның өкілі Айбек Азимбаев, Азамат Әбдікерімұлы, «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай, ауыл ақсақалдары Умарбек Давронов, Еркелді Ходжаев, Балтабай Қалмұратов және Ибрахим Базшаев, Мейірхан Сұлтанбекұлы, т.б. қатысты.

Айта кету керек, жаңа көпірдің құрылысына (плита, асфальт төсендісі т.б. қажетті затарға) демеушлік жасаған Асылхан Қарсақбаев бауырымызға Алла разы болсын. Бұл кісі бұған дейін осы шағын ауданда «Дін Ислам» атты мешітті салып ел игілігіне берген болатын. Көпір салу жұмыстарына 1 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Көпір құрылысын арнайы маман Бақытжан Қасимов қадағалады.

Жаңа көпірдің ашылуы мен шағын елді мекен тұрғындары мешітке және мектепке баруына өте ыңғайлы болғанын және осы игі шараның бастамашысы болған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына ризалықтарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру