Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: 241-баспана Сайрам ауданының тұрғынына берілді

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 23.07.2020 2924 0 пікір
Түркістан: 241-баспана Сайрам ауданының тұрғынына берілді

ҚМДБ «Зекет» қорының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Ел үлесі – пәтерге» акциясының аясында 241-баспана сайрамдық тұрғынға бұйырды.

Аудандық зекет бөлімінің жіті тексеруінен өтіп, шын мұқтажға берілді.

Үй иесі – ІІ топтағы мүгедек, жалғызбасты ана. Оған жуырда ауыр ота жасалған. Елордаға жол шығынын да Сайрам аудандық орталық мешітінің жамағаты көтерді. Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді пәтер иесіне үйдің кілтін табыстады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру