Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: 45 отбасыға көмек көрсетілді

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 23.07.2020 2320 0 пікір
БҚО: 45 отбасыға көмек көрсетілді

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданының еріктілері, яғни, «Адам бол» қоғамдық қоры, «Парасат» қоғамдық бірлестігі, Берекелі жамағат қоры және «Volunteers aksay» штабы Ақсай қаласы мешітімен бірігіп көмекке мұқтаж 45 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етті. 

Бір отбасыға ұсынылатын қоржында күнделікті тұтынатын азық-түлік заттыры мен тәттілер бар. 

-Пандемия кезеңде де біздер жақсылық жасау үзбеуге барынша күш салып келеміз. Әрине көп мекемелерде жұмыс тоқтап, қаржылық жетіспеушіліктер орын алып жатқандығы рас-ақ. Алайда соған қарамастан еріктілердің есеп шоттарына қайырымдылық мақсатындағы қаражаттар түсіп жатыр. Бұл халқымыздың, аудан тұрғындарының жақсылыққа қашан да дайын екендігін аңғартса керек. Осы жолы мұқтаж 45 отбасына азық-түлік қоржының ұсындық. Алдағы уақытта бұл істер жалғасын табатын болады. Қолдау білдірген барша жандарға мың алғыс, - дейді Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Қанат Жакенов.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру