Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Жылыой мешітін жөндеу жұмыстары басталды

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 24.06.2020 2718 0 пікір
Атырау: Жылыой мешітін жөндеу жұмыстары басталды

Бұл туралы Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының Жылыой ауданына жұмыс сапары аясында белгілі болды.

Жылыой ауданының орталық мешітіне барған А.Ұтысханұлы пандемия жағдайындағы құлшылық үйінің жұмыс барысымен танысты. Қазіргі уақытта Жылыойдың бас мешіті күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

Сонымен бірге, Атырау облысының бас имамы Тұрғызба ауылына барды. Аталмыш ауылдың мешітінде бүгінгі таңда дәретхана салынып жатыр. Дәретхана құрылысымен танысқан бас имам жұмыстың сапалы, әрі заманауи талаптарға сай жүруі керек екендігін тапсырды.

Еске сала кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейлі датасына орай, Атырауда мешіттерге қатысты бірқатар жобалар қолға алынып отыр. Оның ішінде мешіттерді күрделі жөндеуден өткізу, заманауи дәретханалар салу да бар.

“Намаздың кілті дәрет екенін ескерсек, біздің дәрет алатын орнымыз, құлшылық жасайтын мешітіміз көркем болуы қажет” деп атап өтті А.Ұтысханұлы.

Сонымен бірге, бас имам пандемия жағдайында мешіттердің жұмысына қойылған шектеулерге қарамастан, мұқтаж жандарды қамқорлау, қайырымдылық шаралары тоқтамайтынын айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру