Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Қарттарға - құрмет

nurgasyr.kz 02.10.2019 3233 0 пікір
Ақтөбе: Қарттарға - құрмет

Халықаралық Карттар күніне орай Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ-ның өңірдегі өкіл имамы Төлеби Оспан қадірменді қарияларды шуақты мерекемен құттықтап, лайықты сый-құрмет көрсетті. Айрықша мейрамда қасиетті ғибадатханадағы ақ дастархан басында қауышқан ардагерлер мешіт ұжымына ризалықтарын білдірді.

Қазыналы қарттардың өнегесін үлгі тұту, мемлекеттің дамуына қосқан ерен еңбегін ардақтап, құрмет білдіру үшін, Халықаралық қарттар күні елімізде жыл сайын мерекеленіп келеді. Сондықтан «Нұр Ғасыр» мешітінде айтулы мерекені салтанатты түрде атап өтіп, қадірменді қарияларға лайықты құрмет көрсетілді.

Төлеби Дәділұлы атап өткендей, жастар үлкендердің даналығын, мол тәжірибесі мен асыл қасиеттерін үлгі тұтады. Қазіргі уақытта да абзал ардагерлер мешіттің түрлі іс-шараларына атсалысып, жастарға аталық ақыл-кеңестерін беріп келеді. Ғибадатхана төріндегі мерекелік дастархан басында мешіттің ақсақалы Қуандық Қабден бастаған қариялар алғысын жаудырып, батасын берді.

Ақтөбе өкілдігінің «Әйелдер-қыздар» секторының ұстаздары мен белсенді мүшелері дайындаған мерекелік қойылым да ақ жаулықты әжелеріміздің көңілінен шығып, ризалықтарын білдірді.

     

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру