Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфтидің көмекшісі

Бас мүфтидің көмекшісі

Айбек Асқарбекұлы Аташев

 

1984 жылы 27 мамырда Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген.

 

Білімі мен біліктілігі:

1990 – 2001 ж.ж. Ә.Жангелдин атындағы орта мектепте білім алды.

2001 – 2002 ж.ж. Шет тілдерін оқыту орталығында араб-түрік тілдерімен бірге, «исламтану» мамандығы бойынша білім алды.

2002 – 2006 ж.ж. Отырар университетінде «тарихшы» мамандығы бойынша оқып, тарихшы бакалавр дәрежесін алды.

2006 – 2008 ж.ж.  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «дінтану» мамандығын оқып, дінтану магистрі дәрежесін алды.

                                                          

Еңбек жолы:

2007 – 2010 ж.ж.  Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігінде аудармашы-ассистент.

2010 – 2012 ж.ж. Қазақ Гуманитарлық Заң университеті, шет тілдері және аударма ісі кафедрасында оқытушы.

2012 – 2013 ж.ж. ҚМДБ «Зекет» КҚ Астана қаласы бойынша атқарушы директор.

2013 – 2016 ж.ж. Атырау облысы әкімдігіне қарасты «Шапағат» орталығында диретор орынбасары, теолог.

2014 – 2017 ж.ж. Қазақстан РТРК, «Қазақстан-Атырау» арнасының «Иман нұры» діни-танымдық телебағдарламасының редактор – жүргізушісі, «Назар» ток-шоуының жүргізушісі.

2016 – 2017 ж.ж. Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық-талдау» орталығында басшы.

2017 – 2018 ж.ж. Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы басшысының орынбасары.

2018 - жылдың 01 қыркүйегінен бастап Бас мүфтидің көмекшісі қызметін атқаруда.

 

Отбасылы, 2 қыз, 2 ұлы бар.