Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі

Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі

Ағабек Қонарбайұлы Сыдықов 

1986 жылы 6 наурызда дүниеге келген. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін (2008), осы факультеттің магистратурасын (2010) бітірген. Бір кітапшаның («Машақат пен марапат»), бірнеше зерттеу мақалалардың авторы.

Баспасөз саласына студент кезінен араласа бастады. Республикалық «Айқын» газетінде штаттан тыс тілші (2004), республикалық «Дала мен қала» газетінде штаттын тыс тілші (2005), республикалық «Жас қазақ» газетінде тілші (2006), осы басылымның бөлім редакторы (2007), жауапты хатшысы (2010), «Энерджи» радиосында жүргізуші-редактор (2011) қызметтерін атқарды. 

2012 жылдан бастап ҚМДБ Баспасөз хатшысы қызметін атқарып келеді.

2021 жылдың 18 қыркүйегінде Бас мүфти бұйрығымен Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі меңгерушісінің уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды. 

Жетістіктері:

«Ана тілі» мен «Халифа Алтай» халықаралық қайырымдылық қорының журналистер арасында ұйымдастырған республикалық байқаудың ІІ орын иегері (2004);

«Асыл арна» телеарнасы мен «Сат» компаниясының журналистер арасында ұйымдастырған республикалық байқаудың бас жүлдегері (2009)

«Фаттах финанс» компаниясы мен «Жас Отан» жастар қанаты «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің журналистер арасында ұйымдастырған республикалық байқаудың жүлдегері (2011);

Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінің Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында журналистер арасында ұйымдастырған республикалық байқаудың бас жүлдегері (2011);