Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Уақып» корпоравтивтік қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Ұлы даладағы уақыптың орны» атты II республикалық форум өтуде.
Салтанатты шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, көпшілікке уақыптың мән-маңызы туралы баяндама жасады.
«Ислам өркениетінің ең көне әрі маңызды әлеуметтік институттарының бірі – уақып. Ол – мұсылман қоғамында әлеуметтік әділеттік орнатуға, білім мен ғылымды өркендетуге, мұқтаждарды қолдауға бағытталған қайырымдылық жүйесі.
Уақып – белгілі бір мүлікті Алла разылығы үшін Оның жолына арнап, негізгі қорын сақтай отырып, одан түсетін пайданы қоғам игілігіне тұрақты түрде жұмсау. Бұл – ғасырлар бойы мұсылман қоғамының дамуына, білім, мәдениет, денсаулық және қайырымдылық салаларының өркендеуіне орасан зор үлес қосқан әрі қосып келе жатқан рухани әрі әлеуметтік жүйе. Бұл садақадан да кең ұғымды қамтиды. Себебі уақыпта мүлік жойылмайды, оның пайдасы үзілмейді.
Қазіргі таңда елімізде де уақып мәдениеті қайта жанданып келеді. Аллаға шүкір, қоғамда уақыпты жақсы түсінетін жандардың саны күн санап артуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Уақып қоры құрылып, медреселердің қызметі жанданып, әлеуметтік жобалар, мұқтаж отбасыларға көмек осы жүйе арқылы жүзеге асуда», - деді Бас мүфти.
Айта кетейік, бүгінгі форумда ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері Арман Қуанышбаев пен Ерсін Әміре, “Ислам қаржысы” секторының меңгерушісі Нұржан Стамбакиев, Нейропсихолог Әбдірашит Түлкібай, «Уақып» қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы түрлі тақырыпта баяндама жасайды.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
04.11.2026
354
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру