Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚҰРАН БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 31.10.2026 220 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚҰРАН БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ

Бүгін Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданында Құран жаттау орталықтарының шәкірттері арасында өткен Құран байқауы қорытындыланды. Марапаттау салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге марапаттарын табыстады. 

Еліміздегі 9 Құран жаттау орталығынан келген 17 шәкірт бақ сынаған додада төмендегі қарилар үздік атанды:

І орын – Мұхаммедәмин Полат (Сауран ҚЖО) – Автокөлік;
ІІ орын – Нұрифат Нұрмахаметұлы Ярмұхаметов (Балаби ҚЖО) – 1 300 000 теңге;
ІІІ орын – Әбділәзиз Азадбеков (Ықылас ҚЖО) – 1 000 000 теңге;
IV орын – Мұхиддин Имамиддинұлы Шамсиддин (Атбасар ҚЖО) – 700 000 теңге;
V орын – Әбдірахым Мәлікұлы Дауров (Қордай ҚЖО) – 500 000 теңге.

Бірінші орын иегеріне жергілікті демеушілердің қолдауымен автокөлік табысталды.

Бас мүфти жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, жас қариларға білімдерін одан әрі жетілдіріп, Құран ілімін меңгеру жолында табандылық танытуға тілектестік білдірді. Сондай-ақ байқауды ұйымдастырушылар мен қолдау көрсеткен демеушілерге алғысын жеткізді.












Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру