Бүгін Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында Құран жаттау орталықтарының шәкірттері арасында Құран байқауы басталды. Ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.
Бас мүфти жас қариларға сәттілік тілеп, Құран ілімінің адам өміріндегі орны мен маңызына тоқталды. Қасиетті Құранды жаттаумен қатар, оның мағынасын түсініп, ізгілік пен адамгершілік құндылықтарын күнделікті өмірде басшылыққа алудың маңызын атап өтті.
Рухани додада еліміздегі 9 Құран жаттау орталығынан келген 17 шәкірт бақ сынауда. Қатысушыларға ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі Шыңғысхан Жаппарханұлы, «Хусамуддин ас-Сығанақи» Құран ижазасы орталығының директоры Ақжолтай Бақытжан және Ұлытау облысы бойынша Құран секторының жетекшісі Абдурахман Асқарұлы төрелік етуде.
Айта кетейік, жергілікті демеушілердің қолдауымен байқаудың бас жүлдесіне автокөлік тігілген. Байқау жас қариларды ынталандырып, олардың Құран ілімін меңгеруге деген ықыласын арттыруды көздейді.




















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
31.10.2026
369
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру