Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұылы Уақып қорының өңірлер бойынша жауапты мамандарымен кездесті.
"Бүгінгі жиынның мақсаты - атқарылған жұмыстарды саралап, тәжірибе алмасу және алдағы міндеттерімізді бірлесе айқындау. Біздің күшіміз - бірлікте. Ортақ мақсатқа жұмылып, бір-бірімізге қолдау көрсетсек, өңірлердегі игі бастамаларымыздың ауқымы кеңейіп, нәтижесі арта түседі.
Алдымызда тұрған маңызды міндет – қоғамда уақып мәдениетін қалыптастыру, уақыптың мәнін түсіндіріп, жұртшылықты бір реттік көмекпен қатар, қоғамға тұрақты пайда әкелетін қайырымдылыққа үндеу. Бұл үшін өкілдеріміздің білімі, жауапкершілігі және халықпен тығыз байланысы ерекше маңызды.
Уақыпты дамыту – ауқымды қайырымдылық жобаларды жүзеге асыруға үлес қосатын бағыт. Кәсіпкерлік пен қайырымдылықты ұштастырып, білімге, руханиятқа және халық игілігіне жұмсалатын жобаларды көбейтуіміз қажет. Әр өңірдегі кәсіпкерлермен сенімді қарым-қатынас орнатып, нақты әрі өміршең бастамаларды жүзеге асыруға күш салайық", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
04.11.2026
400
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру