Астанада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің 49-шы мәжілісі басталды.
Жиында Бас мүфти Ғұламалар кеңесінің қызметіне тоқталып, қоғам үшін өзекті мәселелерге қатысты пәтуалар мен маңызды құжаттар қабылдаудың жауапкершілігін атап өтті.
«Кеңес құрылған күннен бастап 48 отырыс өтті. Осы уақытқа дейін 63 тұжырымдамалық құжат пен ҚМДБ мәлімдемесі қабылданды. Шариғат, әлеуметтік мәселелер, медицина, отбасы және неке секілді тақырыптар бойынша 181 пәтуа қаралды. Нәтижесінде бес томдық пәтуалар жинағы жарық көрді», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Мәжілістің күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселе қаралуда. Атап айтқанда, «Ұстаздың тұлғалық келбеті» және «Діни білім беру ұйымдарындағы шәкірт әдебі және рухани-тұлғалық бейнесі» құжаттары талқылануда.
Сонымен қатар Кеңес мүшелері жасанды интеллект, жасанды ет, кебінге Құран аяттарын жазу, моральдық зиян үшін өтемақы және банктік тауарруққа қатысты пәтуаларды қарастыруда.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
28.10.2026
639
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру