Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылордада семинарлар мен аудит жұмыстары өтті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 24.10.2026 116 0 пікір
Қызылордада семинарлар мен аудит жұмыстары өтті

Қызылорда қаласында «QMDB HALAL» халал өнімдер жәрмеңкесі аясында кәсіпкерлер мен имамдарға арналған семинарлар өтті. Бұл шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған.

Кәсіпкерлер мен дін қызметкерлеріне «Халал - шариғат талабы» тақырыбында сабақтар өткізілсе, «Айтбай» мешітінде имамдарға арналған «Халал - тек тағам емес, таңдау мәдениеті» тақырыбында әңгіме қозғалды. Жиындарда халал талаптарын сақтау, өндіріс үдерістерін стандарттарға сәйкестендіру және тұтынушыға сапалы өнім ұсынудың маңыздылығы түсіндірілді.

Сонымен қатар Қызылорда қаласындағы бірқатар кәсіпорында «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының қатысуымен аудит жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында мамандар өндірістерді мұқият қарап, халал талаптарының сақталуына назар аударды.






Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру