Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Кейкі батыр Көкембайұлы мен Міржақып Дулатұлының кесенелеріне зиярат етті.
Алдымен Бас мүфти Амангелді ауданына қарасты Тасты ауылының маңында орналасқан Кейкі батыр кесенесіне барып, баба рухына Құран бағыштап, дұға жасады. Сондай-ақ зиярат барысында құрбандық шалынды.
Айта кетейік, азан шақырып қойған есімі Нұрмағамбет болған Кейкі батыр Көкембайұлы (1871–1923) – 1916 жылғы Торғай өңіріндегі ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан тарихи тұлға, ерлігімен және мергендігімен ел жадында қалған батыр.
2017 жылы батырдың бас сүйегі елге қайтарылып, Тасты ауылының маңында арнайы тұрғызылған кесенеге қайта жерленді. Биіктігі 15 метр болатын кесене бүгінде елдік пен ерліктің символына айналған тарихи орындардың бірі саналады.
Бұдан кейін Бас мүфти Алаш қайраткері, көрнекті ағартушы, ақын-жазушы Міржақып Дулатұлының кесенесіне зиярат етіп, рухына Құран бағыштап, дұға жасады.
Зиярат барысында ел тәуелсіздігі жолында еңбек еткен тарихи тұлғалардың рухына құрмет көрсетіліп, еліміздің амандығы мен халқымыздың бірлігі үшін дұға жасалды.




























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
13.10.2026
217
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру