Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ТҮРКИЯ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ ӨКІЛДЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 08.10.2026 809 0 пікір
БАС МҮФТИ ТҮРКИЯ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ ӨКІЛДЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Республикасының Дін істері басқармасы өкілдерін қабылдады.

Кездесуге Түркия Дін істері басқармасы төрағасының орынбасары Фатих Мехмет Караджаның, Еуразия департаментінің басшысы Өмер Фарук Савуран және Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Юсуф Аккуш қатысты.

Бас мүфти бауырлас елдердің діни басқармалары арасында қалыптасқан өзара тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Өз кезегінде Түркия Дін істері басқармасы өкілдері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен әріптестік байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін білдіріп, екі елдің діни саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар бауырлас елдер арасындағы рухани байланысты нығайтуға бағытталған бірлескен жұмыстарды жалғастыруға уағдаласты.














Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру