Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ «НҰР-СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 18.09.2026 234 0 пікір
БАС МҮФТИ «НҰР-СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы  «Нұр-сұлтан» мешітінде «Сабырдың да сан қырлы сатылары бар» тақырыбында жұма уағызын айтты.

«Адам баласының өмірінде сабырдың орны ерекше. Сабыр – тек басына қиындық түскенде төзімділік танытып, тағдырға мойынсұну ғана емес, ол – адамның иманын бекемдейтін, нәпсісін тәрбиелейтін, құлшылықта тұрақтылық танытып, күнәдан өзін тежеуге жетелейтін рухани кемелдіктің маңызды сипаты. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде:

«Ешқандай қиындыққа мойымай сабырлылық танытқан жандарға сый-сияпаттары қисапсыз беріледі», – деген («Зүмәр» сүресі, 10-аят).

Имам Ғазали (Алла оны рақымына алсын): «Сабыр – діннің рухани мәртебелерінің бірі», – деген.

Осы тұрғыдан алғанда, сабыр жай ғана сыртқы төзімділік емес. Адам алдымен ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін танып-біледі. Сол білім жүрегінде берік сенімге айналғанда, нәпсінің қалауына қарсы тұратын рухани күш пайда болады. Міне, нәпсі бір нәрсеге шақырғанда, иманның талабын берік ұстанып, дұрыс жолдан таймау – сабырдың шынайы көрінісі.»,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жұма намазынан кейін Бас мүфти мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.











Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру