Бүгін Құран жаттау орталықтары мен Құран секторына жауапты қызметкерлерінің қатысуымен онлайн форматта жұмыс жиыны өтті.
Жиынға ҚМДБ Наиб мүфтиі Кенжетай Байкемелұлы және Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов, сондай-ақ өңірлердегі Құран секторының жауаптылары және Құран жаттау орталықтарының директорлары қатысты.
Кездесуде еліміздегі Құран жаттау орталықтарының қызметін жүйелеу, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру және Құран үйрету жұмыстарын біріздендіру мәселелері талқыланды. Жиын барысында өңірлердегі имамдар мен азаншылардың білімін жетілдіру жұмыстарының барысы мен есебі қаралды.
Бұдан бөлек, орталықтарға талапкерлерді қабылдау тәртібі, Құран үйрететін ұстаздарды тиісті бұйрықпен рәсімдеу, оқу-тәрбие және ұйымдастыру жұмыстарының сапасын арттыру мәселелері сөз болды.
Кездесуде халықаралық Құран жарыстарына қатысатын қариларды жүйелі түрде даярлау мәселесі де талқыланды. Осы ретте қарилардың Құран жаттау сапасын арттыру, тәжуид талаптарын сақтау және мәнерлеп оқу шеберлігін жетілдіру, қабілетті қариларды іріктеп, арнайы дайындық жұмыстарын күшейту қажеттігі айтылды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
15.09.2026
607
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру