Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ МҮФТИЛЕРІ БІРЛЕСКЕН МӘЛІМДЕМЕЛЕРГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 14.09.2026 161 0 пікір
ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ МҮФТИЛЕРІ БІРЛЕСКЕН МӘЛІМДЕМЕЛЕРГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Әзербайжан еліне барған жұмыс сапарында Баку қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымы жанынан құрылған Мүфтилер алқасының жетінші отырысына қатысып, бірлескен мәлімдемелерге қол қойды. 

Түркі мемлекеттері мүфтилері «Некені дәріптеу, отбасын қорғау және нығайту жөніндегі ортақ жауапкершілік», «Исламның ғылым мен технологияға көзқарасы» туралы мәлімдемелерге және «Мұсылман екені белгілі болған адамды тәкфир етудің (кәпір деп үкім етудің) үкімі» туралы құжат қол қойды.

Аталған құжаттар отбасы құндылығын халықаралық деңгейде насихаттауды көздейді. Жастарды білім мен ғылымды, қазіргі заманауи технологияны игеруге үндейді. Түркі мұсылман үмбетін рухани бірлікке шақырады.

















Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру