Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АСТАНАДА МЕРЕКЕЛІК МӘУЛІТ КЕШІ ӨТЕДІ

ҚМДБ баспасөз қызмет muftyat.kz 23.08.2026 654 0 пікір
АСТАНАДА МЕРЕКЕЛІК МӘУЛІТ КЕШІ ӨТЕДІ

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Адалдық – Пайғамбар ﷺ өсиеті» атты рухани Мәуліт кеші өтеді.

Мәні терең рухани кеште Мұхаммед Пайғамбарымыздың ﷺ адамгершілік пен ізгілікке үндеген өнегесі насихатталып, тағылымды, рухани бағдарламалар ұсынылады.

Кештің арнайы қонақтары қатарында Қазақстанның халық әртістері Тұңғышбай Жаманқұлов пен Болат Әбділманов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс, сондай-ақ айтыскер ақын, жазушы Арман Бердалин бар.

Рухани Мәуліт кеші 30 тамыз күні сағат 15:00-де Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда өтеді. Кешке зиялы қауым өкілдері, дін қызметкерлері және қала тұрғындары қатысады.


Билеттер https://topbilet.kz/ru/event/m-ulit сайтында 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру