Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ӘЛ-АЗХАР ШЕЙХІНІҢ КЕҢЕСШІСІ АБДУРАХМАН МҰСАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 06.10.2026 440 0 пікір
БАС МҮФТИ ӘЛ-АЗХАР ШЕЙХІНІҢ КЕҢЕСШІСІ АБДУРАХМАН МҰСАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы әл-Азхар Шейхінің кеңесшісі Абдурахман Мұсаны қабылдады.

Кездесуде тараптар діни білім беру саласын дамыту және халықаралық діни-ғылыми байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы әл-Азхар университетінің ислам әлеміндегі орнына тоқталып, Қазақстан мен Мысыр арасындағы рухани әрі ғылыми байланыстың маңызын атап өтті. Сондай-ақ еліміздегі діни білім беру жүйесін жетілдіру, білікті дін мамандарын даярлау және жастардың діни сауатын арттыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Өз кезегінде Абдурахман Мұса Қазақстандағы діни-ағартушылық жұмыстарға қызығушылық танытып, ҚМДБ-мен өзара тәжірибе алмасудың және ғылыми байланысты одан әрі дамытудың маңызын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар дәстүрлі ислам құндылықтарын дәріптеу, діни білім мен ғылымды дамыту және рухани байланысты нығайту бағытындағы ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.







Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру