Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.
Іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиев, ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Қасболатұлы, Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Нұрбек Әуесханұлы сондай-ақ, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының басшысы Мақсат Мақсотұлы және қала имамдары қатысты.
Шара Құран оқумен басталып ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы балаларды келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, білім мен тәрбиенің маңызына тоқталды.
Қымбатты оқушылар!
Білім алу – ұзақ сапар. Бұл сапарда табандылық, сабыр, тәртіп және жауапкершілік керек. Мұғалімдеріңізге құрметпен қарап, ата-аналарыңыздың үмітін ақтауға тырысыңыздар. Уақытты босқа өткізбей, әр күніңді пайдалы іске арнаңдар. Сонымен қатар, тәрбиелі, кішіпейіл, адал, әділ болыңдар. Өйткені шынайы білім адамды жақсы мінезге жетелейді. Ұстаздарың мен үлкендердің батасын алып, әрқашан дұғамен жүріңдер.
Айта кетейік, бүгін Астана қаласы бойынша 2200 балаға оқуға қажетті сөмкелер мен оқу құралдары беріліп отыр. Қазіргі таңда Республика бойынша 9913 бала қамтылды. Бұл жоба 30 тамызға дейін өз жалғасын таппақ.




















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
20.08.2026
463
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру