Құрметті отандастар!
Сіздерді Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлттық домбыра күні – ұлттық құндылықтарымызды, төл өнеріміз бен дәстүрімізді кеңінен дәріптеуге берілген ерекше мүмкіндік.
Ел басына күн туған кезеңдерде қолына домбырасын алып, жалынды жырларымен жұртын бірлікке, елдікке, ерлікке үндеген жырауларымыздың өнегелі жолы халқымыздың тарихи жадында мәңгі сақталады.
Қазақтың қасиетті қара домбырасының үні әр шаңырақта қастерленіп, кейінгі ұрпаққа ұлттық рух пен тағылымды жеткізіп келе жатқаны көңіл қуантады.
Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз қызметінде дін мен дәстүрдің сабақтастығын кеңінен насихаттап, ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді. Бұл бағыттағы игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын таба береді.
Алла Тағала халқымызға амандық, елімізге тыныштық, жұртымызға бірлік пен береке нәсіп етсін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз мәңгі болғай. Әумин!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
05.07.2026
217
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру