Түркия Республикасының Бурса қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы Дін басшылары алқасы жанындағы Пәтуа кеңесінің кезекті VI мәжілісі өтуде.
Аталған халықаралық жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің тапсырмасымен «Уағыз-насихат» бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы Мансұров пен «Шариғат және пәтуа» бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы Құрсақов қатысуда.
Мәжіліс барысында «Мұсылман екені белгілі адамды тәкфірге шығарудың (кәпір деудің) үкімі», «Жұма намазының дұрыс болуы шарттарының фиқһи үкімі», «Зергерлік бұйым ретінде қолданылатын алтын мен күмісті бөліп төлеу (несие) арқылы сатудың үкімі», «Тұрғын үйді пайыздық несие арқылы алған жағдайда сатушының жауапкершілігі», «ДНҚ сараптамасы арқылы тектілікті анықтау немесе теріске шығарудың үкімі», сондай-ақ «Криптоактивтерден табыс табудың үкімі» тақырыптары бойынша пәтуа жобалары қаралуда.
Пәтуа кеңесінің жұмысы түркі мемлекеттері арасындағы діни ынтымақтастықты нығайтуға, ортақ ғылыми ұстанымдарды қалыптастыруға және заманауи мәселелер бойынша бірізді пәтуалық ұстанымдарды дамытуға бағытталған.
Айта кетейік, Түркі мемлекеттері ұйымы Дін басшылары алқасының кезекті VII мәжілісі биылғы қыркүйек айында Әзірбайжан Республикасында өтеді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
04.07.2026
214
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру