Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ИНДОНЕЗИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР ВИЦЕ-МИНИСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 30.06.2026 437 0 пікір
БАС МҮФТИ ИНДОНЕЗИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР ВИЦЕ-МИНИСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Индонезия Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхаммад Анис Матта мырзаны қабылдады.

Кездесуде Бас мүфти мәртебелі мейманды Қазақстанға, соның ішінде Алматы қаласына қош келдіңіз деп қарсы алып, екі елді достық, сенім және ортақ рухани құндылықтарға негізделген берік қарым-қатынас байланыстыратынын атап өтті.

Тараптар Қазақстан мен Индонезия арасындағы рухани-мәдени байланыстарды нығайту, өзара тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында Бас мүфти Мұхаммад Анис Матта мырзаға жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тілеп, Қазақстандағы сапарының сәтті әрі нәтижелі өтуіне тілектестік білдірді.





















Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру