ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Ақтөбе облысына арнайы барды.
Ақтөбе қаласында XV республикалық «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» байқауына дайындық жұмыстарын пысықтау жиынын өткізді. Ақтөбе имамдарына арналған жиынға Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев және Ақтөбе облысына қарасты қала, аудан бас имамдары қатысты. Батыржан Берденұлы еліміздің руханиятына маңызы зор Құран байқауын жоғары деңгейде өткізу үшін ұйымдастыру жұмыстарын пысықтады. Дін қызметкерлерін Құранға қызмет етуге шақырып, іс-шараға аса жауапкершілікпен қарауларын сұрады.
Кейін қасиетті жұма күні Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жұма уағызын айтты. ҚМДБ «Уағыз-насихат» бағытының жылдық жоспарында бекітілген «Неке – салауатты өмір шарты» атты тақырыбында уағыз айтып, отбасылық құндылықтарды насихаттады. Сондай-ақ қоғамдағы жас жұбайлар арасындағы өзара жауапкершілік пен татулықтың алғышарттарын егжей-тегжейлі баяндады.
XV республикалық «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» байқауы 2026 жылдың қыркүйек айында Ақтөбе қаласында өтеді. Дәстүрлі рухани дода Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) ұйымдастыруымен еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік қарилардың басын қосады.
Құран жарысы 4 номинация бойынша өтеді:
1. Құранның 10 парасы бойынша;
2. Құранның 20 парасы бойынша;
3. Құранның 30 парасы бойынша;
4. Құранды мәнерлеп оқу бойынша.
Қазіргі таңда еліміз бойынша әр өңірде аталған байқауға іріктеу кезеңдері өтіп жатыр.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
27.06.2026
293
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру