Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АБЗАЛ ЕРАЛИЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 23.06.2026 258 0 пікір
БАС МҮФТИ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АБЗАЛ ЕРАЛИЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстанның Еңбек Ері, Қызылорда облыстық күріш өндірушілер және өңдеушілер қауымдастығының президенті, белгілі кәсіпкер Абзал Жұмашұлы Ералиевті қабылдады.

Кездесу барысында тараптар ел руханиятын дамыту, жастар тәрбиесін күшейту, отбасы институтын нығайту, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту, қайырымдылық мәдениетін дамыту және рухани-ағартушылық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Басқосуда ұлттық болмыс пен дәстүрлі құндылықтарды жас ұрпақтың санасына сіңірудің маңыздылығы ерекше аталып, аталған бағыттардағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері сөз болды.

Айта кетейік, Абзал Жұмашұлы Ералиев ел руханиятының дамуына тұрақты қолдау көрсетіп, бірнеше мешіттің құрылысына ұйытқы болып, көптеген қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырып келеді.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру