Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Исламдық қаржы секторының меңгерушісі Нұржан Жақсылықұлы Бурабайда өткен «XXII Еуразиялық капитал нарықтары» халықаралық форумына қатысып, исламдық қаржының ерекшеліктері мен даму бағыттары туралы баяндама жасады.
Форум аясындағы панельдік отырыстарда қаржы нарықтарының даму үрдістері, инвестициялық мүмкіндіктер, жаңа қаржы құралдары, исламдық қаржыландырудың келешегі және сукук құнды қағаздарының даму перспективалары талқыланды.
Нұржан Жақсылықұлы өз баяндамасында исламдық қаржының негізгі қағидаттарына тоқталып, оның нақты экономиканы дамытуға, қоғамдық игілікті арттыруға және нарық қатысушылары арасындағы әділетті қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, исламдық қаржыландыру сауда, жалға беру және серіктестік тетіктеріне негізделіп, нақты активтермен қамтамасыз етілген әрі қосымша құн қалыптастыратын тиімді балама қаржы моделін ұсынады.
Сонымен қатар, исламдық қаржы құралдарының қаржылық инклюзияны дамытудағы маңызы сөз болып, дәстүрлі қаржы өнімдерін діни ұстанымдарына байланысты пайдаланбайтын азаматтар үшін қолжетімді балама мүмкіндіктер қалыптастыратыны айтылды.
Баяндаманың қорытындысында Қазақстанда исламдық қаржының заңнамалық негізінің қалыптасуы қаржы нарығын әртараптандыруға, жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді дамытуға және экономикалық қатынастардың заманауи бағыттарын жетілдіруге оң ықпал етіп отырғаны атап өтілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
23.06.2026
63
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру