2025–2026 оқу жылының аяқталуына орай Үшқоңыр медресе-колледжінің бітіруші курс студенттері мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан өтті.
Қорытынды емтиханға ерлер және қыздар бөлімдерінің түлектері қатысып, оқу барысында меңгерген білімдері мен кәсіби даярлық деңгейлерін көрсетті. Аттестаттау жұмыстары белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, комиссия мүшелері тарапынан әділ бағаланды.
Емтихан комиссиясының құрамында ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Хасан Ташайұлы, Үшқоңыр медресе-колледжінің директоры Мәди Таттибайұлы, Қарасай аудандық «Түркістан-1» мешітінің бас имамы Дәуренбек Жандосұлы және ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің маманы Олжас Исмаилов болды.
Емтихан барысында түлектер діни пәндер мен жалпы білім беру бағыттары бойынша теориялық білімдерін сарапқа салып, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Комиссия мүшелері студенттердің дайындық деңгейіне жоғары баға беріп, олардың алған білімдерінің талапқа сай екенін атап өтті.
Іс-шара соңында комиссия мүшелері бітіруші түлектерге алдағы діни-ағартушылық қызметтеріне табыс тілеп, ел игілігі жолындағы еңбектеріне береке тіледі.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
22.06.2026
94
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру