Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАС МЕШІТТЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 29.05.2026 103 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАС МЕШІТТЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы Республикалық бас мешітте жұма намазын жүргізді.

Бас мүфти жұма құтпасында: «Жаратқан Алла қасиетті Құранда: «Уа, иман келтіргендер! Көп жаман ойға салынудан аулақ болыңдар! Шындығында ойлардың кейбірі  күнә», – деген («Хұжырат» сүресі, 12-аят).

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде: «Күмәннан (жаман ойдан) сақтаныңдар, өйткені күмән – сөздердің ең өтірігі», – деген (Бұхари және Муслим).

Құрметті жамағат! Біз көбіне сыртымызды жылтыратып, киіміміздің кірін жуып, сыпайы сөйлеуге тырысамыз. Бірақ Алла Тағала біздің сыртымызға емес, ешкім көрмейтін ішімізге, яғни ниетіміз бен ойымызға қарайды. Сондықтан біз ең әуелі ішкі ойымызды, ниетімізді түзетуіміз керек»,- деді.

Жұма намазынан кейін Бас мүфти мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.











Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру